Depo Evolution Park жастар Лофт-орталығының базасында «Алматы кәсіподақ орталығы» мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Болашақтың бірлігі!» жастар форумын өткізді.
Форумға Келешек кәсіподағының жастар кеңесінің жетпіс көшбасшысы жиналды. Форум жұмысына Жастар саясаты басқармасының бастығы, Жұмыспен қамту орталығының, Алматы қаласының Жастар орталығының өкілдері, «Жас Отан» жастар кеңесі, «Атамекен» МҚК Алматы филиалы және т.б. қатысты.
Форумның мақсаты Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының жастар саясатының жүзеге асырылуы, жастар саясаты саласындағы кәсіподақ ұйымдарының тәжірибе алмасуы болды. Форум ақпарат алмасу және жастар мәселелерін талқылау үшін интерактивті алаңға айналды.
Жұмысшы жастар «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарды, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», «Бизнестің жол картасы 2020», «Дипломмен – ауылға!», «Жасыл ел» және т.б. басқа бағдарламалық құжаттарды қолдады.
Форум қорытындысы бойынша жастар бірауыздан қарар (шешім) қабылдады. Жастар мемлекеттік мереке қарсаңында жастар саясатын жүзеге асыруға белсене араласатындығына және біздің еліміздің лайықты азаматтары болу үшін бар күшін салатындығына сендірді.
ҚРКФ Баспасөз қызметі