2017 жылғы 8 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы» Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы кәсіподақ комитеттерінің және жұмыс берушілердің төрағалары үшін «Әр салымшы үшін қолжетімді БҰЗҚ» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың басында «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов кәсіподақ мүшелерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Сондай-ақ, семинар барысында «БҰЗҚ» АҚ «Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы» көшпелі қызмет көрсету бөлімінің басшысы Абдымурат Джунусұлы Исабаев кәсіподақ мүшелерін жұмысының негізгі принциптерімен таныстырды, сондай-ақ, келесі жылы Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер туралы айтып берді. Семинарға қатысушылар тақырыптың өзектілігін және оқытушының кәсібилігін атап өтті.
Пресс-служба ФПРК