Еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін біз өзіміздің тарихи мақсатымызды жүзеге асырудамыз – тәуелсіз, дамушы, саяси тұрақты Қазақстанды жасаудамыз. Жиырма алты жыл ішінде бізде мықты мемлекет, табысты экономика мен жаңа бірыңғай қоғам құрылды.
Өз тәуелсіздігінің үшінші онжылдығында Қазақстан алдына ауқымды міндеттер қойды. Бұл қадамдар мемлекеттің келешекте даму векторын анықтайды.
Бізде әрі қарай дамудың нақты бағдарлары бар. Өзінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – республиканың әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына енуін қамтамасыз ететін жаңа саяси бағытты анықтады. Бұл бағыт болашақ ұрпақ үшін стратегиялық бағдар болады.
Біздің басты құндылық – өз еңбегімен, тарих пен дәстүрге деген ықыласымен туған жердің даңқын асырған адамдар. Бүгінде өзінің шығармашылық, зияткерлік жетістіктерімен, жақсы істерімен біздің Қазақстанның атағын шығаратын, еркіндік, табыс пен жеңісті көрген жаңа буын өсіп келеді!
Сіздерге зор денсаулық, табыс пен тұрақтылық тілеймін! Жанұяларыңызда бейбітшілік, бірлік пен ынтымақтастық орын ала берсін!
Қазақстан Республикасы
кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Б.Әбдірайым