«АрселорМиттал Теміртауда» келісу комиссиясының сындарлы жұмысының нәтижесінде тараптар орынды ымыраға келді.
Қарағанды облысының әкімдігі, кәсіподақ өкілдері, «АрселорМиттал Теміртау» әкімшілігі өзара келісімдер мен диалог нәтижесінде келіссөз процесінің барлық тармақтары бойынша келісімге қол жеткізді.
ҚРКФ әлеуметтік және еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және елдің құқықтық кеңістік аясында шешілуге тиіс екеніне сенімді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы келісімді толық қолдайды, өйткені компания басшылығы, жергілікті атқарушы органдар, кәсіподақтар, жұмыс ұжымымен бірлесе отырып, жағдайды тұрақтандыру бойынша барынша күш жұмсады және еңбек дауының барлық аспектілері бойынша орынды ымыраға ие болды.