Федерация әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында қызметін күшейтуде

Астанада аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері төрағаларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мәжілісі өтті.

Бұл жиында Кәсіподақтар федерациясының алдында тұрған бірінші кезектегі тапсырмалар анықталып, бар мәселелер мен оларды шешу жолдары, мемлекеттегі кәсіподақтарды әрі қарай дамыту стратегиясының жаңа әдістері мен тәсілдері талқыланды. Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің төрағалары бар мәселелерге қысқаша шолу жасады және жиын аясында осы мәселелерді шешуге қатысты нақты ұсыныстар берілді.

Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым әлеуметтік шиеленістер ошағының алдын-алуға, еңбек дауларының алдын-алу және шешу іс-шараларын уақытылы әзірлеуге ерекше назар аударды. Сонымен қатар, кәсіподақтардағы медиация дәрежесін арттыру қажеттелігін баса айтты.

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын өзектендіру мәселелері жөнінде пікір алмасулар болды.

Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы атап өткендей, өткен жыл қоғамдық сананы озық жаңғыртуға байланысты ҚР Президентінің қойған міндеттерімен ерекшеленді.

Мемлекетте әлеуметтік-еңбек қатынастарына байланысты нақты процестер өткендігі белгілі. Бұл ретте Кәсіподақтар федерациясы осы процестерде туындаған мәселелерді шешуге өз үлесін қосқан болатын.

Өткен жылы Кәсіподақтар федерациясының қызметін жетілдіру және дамытуға бағытталған үлкен жұмыстар атқарылды. Бүгінгі таңда мемлекетте 18 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді, олар мемлекеттегі барлық кәсіподақ қозғалысының «қан тамырлары» болып табылады.

Сондай-ақ, 2016 жылғы қаңтарда күшіне енген ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлердің бастамасымен өнеркәсіп кәсіпорындарында 11 мыңнан астам еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды және жұмыс істеуде.

Кәсіподақтар федерациясының құрамына 18 ірі салалық және 16 аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері кіреді. Бұл ұйымдар өнеркәсіп пен ауданның әлеуметтік-еңбек өміріне белсене араласып жұмыс берушілер бірлестіктерімен, жергілікті атқарушы органдармен және бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен  тығыз жұмыс істейді.

«Кәсіподақ қозғалысының даму кезеңінде қызметкерлердің құқықтары үшін белсенді күресуге, аудандардағы еңбеккерлердің мүддесін қорғауға және жұмыскер мүддесі үшін тиімді әлеуметтік серіктестікті қамтамасыз етуге қабілетті мықты бастауыш кәсіподақ ұйымдары қажет», – деп қорытындылады Бақытжан Әбдірайым.

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі