Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кəсіподағының кәсіподақ белсенділерінің салалық кызметкерлеріне Қазақстан Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын қолдауға және жүзеге асыруға ҮНДЕУІ
Біз, «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің Салалық кəсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс-Қазақстан облыстық мүшелік және бастауыш ұйымдарының өкілдері:
еліміздің Тұңғыш Президентінің Тәуелсіз Қазақстанды мықты, жетістікті және бейбітшілікті жақтаушы мемлекет ретінде қалыптастырудағы жемісті еңбегін жоғары бағалай, Елбасының республикамыздың саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларындағы түбегейлі өзгерістерге, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған ауқымды айнымас бағытын толықтау қолдай, Мемлекет басшысының Күшті және жауапкершілікті адамдардың біртұтас ұлты болып қалыптасу үшін бәрін жасау керек деген ұмтылысын қуаттай, әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына ену мақсатына қол жеткізу үшін, Төртінші өндірістік революция дәуірінде табысты навигация және бейімделу қажеттігін ескере, кәсіптік одақтардың Азаматтық қоғамдағы ең бұқаралық бірлестік ретінде болжанған мақсаттар мен бағдарламаларды жүзеге асырудағы жауапкершілігін сезіне келе, барлық жұмыс берушілер мен жұмыскерлерді Ұлт көшбасшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына енген бастамаларын қолдауға шақырамыз.
Қазақстанның басшысы алға қойған:
– кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру,
– жаңа технологияларды, соның ішінде экожүйені сақтау бойынша технологияларды енгізу,
– босайтын жұмыс күшін еңбекпен қамту үшін келісілген саясатты жасау,
– энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге қойылатын талаптарды арттыру,
– техникалық және кәсіби оқытуда бағдарламаларды жаңартуға, мұнай-газхимия салаларында ғылымды дамыту мен бірлескен қаржыландыруға қатысу,
– халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшу
– барлық негізгі мамандықтар бойынша заманауи стандарттар әзірлеу бойынша міндеттер кәсіптік одақтардан ағымдағы және стратегиялық жұмыстарды ұйымдастыруда, әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын жетілдіруде, әлеуметтік әріптестіктің тиімді нысанын іздестіруде жаңа деңгейді талап етеді.
Біз, «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің cалалық кəсіподағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелік ұйымдарының өкілдері, үш партизмнің қатысушылары тығыз өзара ынтымақтастықта әрекет жасаса, келіп жеткен Төртінші өндірістік революция дәуірінің жаһандық сын-тегеуріндерінің табысты еңсерілетініне сенім білдіреміз. Баршаңызды Елбасының экономиканы, саясатты және ұлттық сана-сезімді жаңғыртуға бағытталған Мемлекеттік бағдарын қолдауға және жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырамыз.
«Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кəсіподағы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық мүшелік ұйымдары кәсіподақ белсенділерінің жиналысына қатысушылар
Атырау қаласы, 2018 жылғы 02 ақпан