Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы мен Ақмола облысының кәсіподақтар орталығының арасындағы меморандум аясында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Осы ретте Маңғыстау облысының кәсіподақтар делегациясы Ақмола облысының Щучинский шипажайына демалдыру жөнінде келісімшартқа қол қою мақсатымен келді.
Маңғыстау кәсіподақтары делегациясының құрамына “Өзенмұнайгаз” АҚ (10000 кәсіподақ мүшесі), “Бұрғылау” ЖШС (2200 адам), “Қаражанбасмұнай” АҚ (2500 адам), “ОСК” ЖШС (3500), “ОТК” (2500) кәсіподақ мүшелерін біріктіретін кәсіподақ төрағалары, Маңғыстау облысының туризм басқармасы басшысының орынбасары кіреді. Маңғыстау облысының кәсіподақтары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 8 шипажайларымен жан-жақты жұмыс атқарады, соның ішінде, биылғы жылы Щучинский шипажайына қолдау көрсету басты мақсат болып табылады. Осы орайда облыстық кәсіподақтар орталығы Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының басшылығына және Ақмола облысының әкімшілігіне алғыс білдіреді.