Анатолий Андреевич – 3 топтағы мүмкіндігі шектеулі жан, Федор ауданы Шандақ ауылдық округінің (аудан орталығынан 50 шақырым) Мирное ауылында тұрады. 40 жыл еңбек өтіліне ие.
Жүрегіне жасалған отадан кейін мүгедектік тобын алды және екі жылдан аса жергілікті мектепте күзетші болып жұмыс жасайды.
Қостанай облысы кәсіподақ орталығының төрайымы, аудандық жұмыспен қамту орталығының өкілдері мен аудандық мәслихат хатшысының Анатолий Андреевичпен және ол кісінің әріптестерімен кездесуі мектепте өтті. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру мәселесі жеңіл шешілді. Анатолий Андреевич өзінің жұмыс орнына көңілі толады. Жұмыстың маусымдық еместігі және де қандай да бір физикалық жұмыс мөлшерінің жоқтығы өте маңызды.
Ауыл тұрғындарымен пікір алмасу барысында тиімсіз жұмысбастылық, ауылдағы ұраншыл жастардың мәселесі қозғалды. Алдында еңбекақы бойынша берешегі болған ауылдық округ аумағындағы кәсіпорын осы жылы қалыпты жұмыс істеуде.
Осы кездесу еңбекте ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқығын сақтау мәселелерін зерттеу және еңбек саласындағы жағдайға мониторинг жүргізу мақсатында Федор ауданындағы кәсіпорындарға жұмыстық іс-сапар аясында өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбек құқықтарын сақтау мәселесі облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне енгізілді. Сондай-ақ, осы мәселе бойынша 21 ақпанда қоғамдық тыңдалым өткізу жоспарда бар.