«Қазақстан кәсіподағы» газетінің редакциясы салалық кәсіподақтар өкілдерін 2017 жылға жазылу кампаниясының сәтті аяқталуымен құттықтады.
Газетке жазылушылардың саны бойынша көшбасшылық орынды салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы, денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және «Қазақкәсіпметалл» тау-кен металлургия салалық кәсіподағы иеленді.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының Ақпараттық-талдау орталығының директоры Серікқали Мұқашев салалық кәсіподақтар мүшелеріне табысты әріптестік пен біріккен жұмыс үшін алғыс білдірді.
Салалық кәсіподақтар өкілдеріне естелік сыйлықтар тарту етілді.