Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссияның құрамына кірді.
Сондай-ақ, осы комиссия құрамына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің хатшысы Сәуле Мектепбаева, Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серік Ораз кірді.