«Халықаралық әйелдер күнін» мерекелеу аясында Астана қаласының Кәсіподақ орталығы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Еңбеккер әйелдер мәселесі жөніндегі комиссиясымен бірге «Әйелдер қауымының Қазақстан Республикасындағы кәсіподақтар қозғалысының дамуына қосқан үлесі (көшбасшылық аспектілері, гендерлік тепе-теңдік, жанұядағы және жұмыстағы жауапкершілік, кәсіптік өсу)» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Кәсіподақ белсенділері ішіндегі әйелдер қауымын марапаттау рәсіміне ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Мирболат Жақыпов қатысты.