Демократиялық күштердің “Қазақстан-2050” Маңғыстау облыстық коалициясы “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” атты Үндеуіне қолдау білдірді

Демократиялық күштердің “Қазақстан-2050” Маңғыстау облыстық коалициясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа арналған “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” атты Үндеуіне қолдау білдірді.

Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы, коалиция мүшесі Қайрат Жанабеков Елбасының жаңа жобалары халықтың тұрмысын жаңғыртатындығын атап өтті.

Жиында сөйлеген саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері Мемлекет басшысының әрбір отбасының баспаналы болуын, салықты азайту арқылы еңбекақыны көбейтуді, жастарға терең білім алу үшін жағдай жасауды, орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуды, халықты газбен толық қамтамасыз етуді көздеген әлеуметтік бастамаларын жоғары бағалады.

Аймақтағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бас қосқан жиында Президенттің бес әлеуметтік бастамасына қолдау көрсеткен Үндеу қабылданды.