2018 жылғы 15 наурызда ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайымның Тәжікстан Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Косим Кодири және Қырғызстанның Кәсіподақ федерациясының Төрағасы Мирбек Асанакуновпен кездесуі өтті.
Кездесуде федерациялар арасындағы алдағы серіктестікті талқылау, жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша пікір алмасу болды.
Федерациялар басшылары өзара күш біріктіру арқылы кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша бірыңғай тәсілдер әзірлеу қажеттігі туралы пікірге келді.