Бүгін ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Мирболат Жақыпов Президент Әкімшілігінің кәсіподақ комитетінің шақыруымен Наурыз мейрамына арналған салтанатты жиынның құрметті қонақтары болды.
Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Абдыхалықова, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Оңдасын Оразалин және Президент Әкімшілігінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғани Тілеубеков және Әкімшіліктің барлық қызметкерлері қатысты.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Абдыхалықова қызметкерлерді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
Наурыз мейрамы жоғары дәрежеде өткізіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Қызметкерлерге дастархан жайылып, мейрамның басты асы – наурыз көже құйылып берілді. Сондай-ақ, ұлттық ойындардан түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Халық әншісі Майра Мұхамедқызының шырқаған әндері көңілді кештің көркін аша түсті. Салтанатты жиынның ең ерекше тұсы – қатысушылар қара жорға биледі.
Жиын барысында ұлттық ойынның жеңімпаздары сый-сияпаттармен марапатталды.