ҚР Кәсіподақтар федерациясында көктемгі тепе-теңдік мейрамы аталып өтті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы көктемгі тепе-теңдік мейрамы Наурызды атап өтті.

Салалық кәсіподақтар мен ҚР Кәсіподақтар федерациясы жеті ауылға (топқа) бөліну арқылы өзінің шығармашылық қабілеттерін, ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

Әр топ жекеше бір ауылды көрсетті: Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би, Ыбырай Алтынсарин, Абай, Жамбыл, Кұрманғазы. «Ауыл» тұрғындары күй тартты, әр шырқады және «Сырға салу» және «Тұсаукесер» секілді ұлттық салт-дәстүрді өткізді.

Наурызға арналған салтанатты жиынның құрметті қонағы халық әртісі Нұрлан Өнербаев болды. Ол кісі қатысушыларға бірнеше ән арнады.