Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Астананың 20 жылдығы аясында Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына орай Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырған «Астана Наурызы – 2018» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Үздік салт-дәстүр» аталымы бойынша марапатталды. Марапатты қала әкімі Әсет Исекешев табыстады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырған «Астана Наурызы – 2018» қалалық байқауға белсене атсалысты. Федерация қазақ жауынгерінің шайқас алаңында берік серігі бола білген бес қаруды таныту құрметіне ие болған.