2018 жылы 30 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен біріккен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы еңбек ұжымдарының рөлі» тақырыбында жиын өтті.
Аталған шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары А.С. Жұбаныш, облыстық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, белсенділері қатысты.
Жиынның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және кәсіподақ ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылды. Жиын барысында қатысушылар белсенді түрде құзыретті өкілдерге сұрақ қойып, ой-пікірлерімен алмасты.