2018 жылғы 30 наурыз күні «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі комитетінің кезектен тыс Пленумы өтті.
Пленум барысында салалық кәсіподақ төрағасы Қилымғали Қайненов өз арызы бойынша жұмыстан босатылды, ал бірлестік төрағасының міндетін атқару төраға орынбасары Жанар Сарсенғалиеваға жүктелді. Аталған шараға «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрайымының орынбасары Айгүл Мақсатқызы қатысты.
Аталған бірлестіктің кезектен тыс XXVIII конференциясы ағымдағы жылдың 10-15 маусым аралығында шақырылады.