Халық қалаулылары халық арасында

2 сәуірде Атырау облыстық кәсіподақ орталығының кәсіподақтар үйінде ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Б.Оспанов және С.Сапиев салалық кәсіподақтардың облыстық филиалдарының басшылары, кәсіподақ белсенділерімен кездесу өткізді.

Кездесуде қатысушылар депутаттарға бірқатар сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Қонақтар қозғалған мәселелерді барынша пысықтайтынын жеткізді. Шараға БАҚ өкілдері шақырылды.