Елбасының бес əлеуметтік бастамасын насихаттау жұмыстары қарқынды жүруде

Оңтүстік Қазақстан облысының кəсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 5 сəуірінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мəжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ə.Назарбаевтың “Президенттің бес əлеуметтік бастамасы” атты үндеуін салалық жəне жергілікті кəсіподақтарының жəне бастауыш кəсіподақ ұйымдарының төрағалары, кəсіподақ белсенділері мен жастар арасында талқыланды.

Мəжіліске Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты Махамбетов Мансұрхан Махамбетұлы арнайы қатысып, Елбасының үндеуін жəне кəсіподақ жұмысы жайында баяндады.

Аталған тақырыпта бастауыш кəсіподақ ұйымдары арасында қызу талқыланып, Елбасының бес əлеуметтік бастамасын қолдайтындығын жəне халық арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізетіндігі жөнінде мəмлеге келді.