“Адал жол”!

Бүгін Алматы облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Смағулов Асылбек Айжарықұлы өңірдегі кәсіподақ  белсенділерімен кездесті.
Кездесу барысында ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын насихаттап, жаңа мүмкіндіктерді кәсіподақ мүшелеріне толыққанды түсіндіріп, қатысушылармен бірлесіп талқылады.
Қатысушылар бірқатар сұрақтар мен ұсыныстар айтты, оның ішінде коммуналдық мемлекеттік мекемелердегі техникалық қызметкерлердің еңбекақысының төмендігі жəне оны өсіру мүмкіндіктерін  барынша қарастыру. Сондай-ақ басқа да мəселелер бойынша сұрақтар көтерілді. Депутат барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріп,  ұсыныстар бойынша тиісті деңгейде көтерілетінін айтты.
Сонымен қатар  Талдықорған қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен “Адал жол – Честный путь” форумына облыстық кəсіподақтар өкілдері қатысты.