2018 жылғы 10 сәуірде Астана қаласында «Қазақстан теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ бастауыш ұйымдарының «ОРТАҚТАСТЫҚ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ, ЖАСАМПАЗДЫҚ» атты Республикалық Форумның ашылу салтанаты өтті.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы, Салалық кәсіподақ және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ бірлесіп ұйымдастыруымен өткен Форум жұмысына Салалық кәсіподақтың аумақтық кәсіподақтары мен филиалдарының, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 290 өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, жұмыс берушілер бірлестіктерінің, халықаралық кәсіподақ ұйымдарының және Орталық Азия аймағы бойынша теміржолшылардың ұлттық кәсіподақ орталықтарының, ҚР Кәсіподақтар федерациясына мүше ұйымдардың өкілдері, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ және оған еншілес компаниялардың басшылығы, көлік саласы кәсіпорындары мен ұйымдарының делегаттары Республикалық Форумның қатысушылары болады.
Форум аясында ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Б.Әбдірайым, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылық құрамы қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Салалық кәсіподақ төрағасы Оразғали Ахметбаев, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары өз баяндамаларын оқыды.
Бүгінгі таңда 118 мыңға жуық мүшесі бар «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ құрамына 13 филиал, 22 аумақтық кәсіподақ, 341 бастауыш кәсіподақ ұйымдары кіреді.
Жиында сөз сөйлеген Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым Елбасының 5 бастамасын жан-жақты саралады. Сондай-ақ, кәсіподақтардың өкілдері Елбасының бастамаларын белсенді түрде жүзеге асыруы тиіс екендігін атап өтті.
Бүгінде ҚР Кәсіподақтар федерациясы бастауыш кәсіподақ ұйымдарына ерекше назар аударады. ҚР Кәсіподақтар федерациясы басшысының пікірі бойынша, Федерация мен бастауыш ұйымдар арасында тікелей байланыс болуы тиіс. Осы орайда бастауыш ұйымдардың жұмысын жандандыру және дәстүрлі қызметінің аясын кеңейту тиіс. Бүгінде кәсіподақтар әлемнің дамыған 30 елінде қабылданған «Өмір сүру сапасы» атты көрсеткішті кәсіподақтарға енгізуі қажет. Өмір сүру сапасының белгілері жұмыс және демалыс уақытының қалыпты ұзақтығы, қауіпсіз еңбек шарттарының әрі қарай дамуы, гендерлік тепе-теңдік және басқа да базалық түсініктерден тұрады.
Федерация Төрағасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, ҚжЕҚ жөніндегі өндірістік кеңестерді құру бойынша жұмыстарды өзектендіру, Ұжымдық шарттардың санын арттыру және сапасын жақсарту, жастарды кәсіподақ қатарына тарту мәселелеріне көңіл аударуға шақырды.
Форум аясында Орталық Азия аймағы бойынша теміржолшылар кәсіподағымен әріптестік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Сонымен қатар, Форумға қатысушылардың «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесуі болды.
11 сәуірде халықаралық сарапшылардың, ҚРКФ мамандарының, Салалық кәсіподақтың Орталық кеңесінің аппараты басшылығының қатысуымен Форум өз жұмысын жалғастырады. Форум «Астанаға – 20 жыл! «ЕЛ ЖҮРЕГІ – АСТАНА» флешмобымен аяқталады.
Осы Форум ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастауыш кәсіподақ ұйымдары өкілдерімен кезекті кездесуі болды. 6 сәуірде Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен «Бес әлеуметтік бастама. Әлеуметтік инновациялар. Келешек келбеті» Форумы өткен болатын. Аталмыш Форумға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 260 өкілдері қатысты.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарының республикалық және аумақтық Форумдарын өткізуді жоспарлауда.