Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар Орталығы төрағасының орынбасары Ж.Ақбергенов пен облыстық құрылыс компанияларының салалық кәсіподағының төрағасы Б.Телибеков Мұғалжар ауданының шағын қалаларына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Жем және Ембі қалаларының әкімдерімен, «Жемжылу» КМК бастауыш кәсіподақ активтерімен, Жем және Ембі қаласындағы орта білім беру мектептерінің, ауданның құрылыс саласындағы бірқатар компаниялардың ұжымдарымен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясын жаңғырту Жол картасының негізгі бағыттары бойынша ақпарат берілді, қолданыстағы еңбек заңнамасы талқыланды, сонымен қатар, профактивтер өз пікірлерімен бөлісіп, ҚР заңнамаларына бірқатар ұсыныстар енгізуге қызуғышылық білдірді.
Өз кезегінде, Кәсіподақтар Орталығы төрағасының орынбасары Ж.Ақбергенов кездесулерде кәсіподақтардың рөліне, оның беделін арттыруға, еңбек қатынастарында кәсіподақтың маңыздылығына ерекше назар аударды және ауданда кәсіподақ қозғалысын жандандырудың қажеттігін айтты.