Бірлік түбі – береке

Маңғыстау облысының кәсіподақтары 1 – мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шеруге белсене қатысты.
Қазақстан  Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұсыныстарын қолдап, Маңғыстау облысының кәсіподақ ұйымдары Ақтау қаласының орталығында орналасқан Президент даңғылы бойындағы «Мәңгілік алаудан»  қалалық әкімдік алдындағы Астана алаңына дейін созылған алаңға қарай бағыт алып, ынтымақ пен достық білдіретін шерумен өтіп шықты.
Шеруде облыстың экономикасын құрайтын ірі мекемелер – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, МГУ «КазТранОйл», “МАЭК Казатомпром”, “Мұнайтелеком”, “Интергаз Орталық Азия” және т.б., мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ, қаладағы жоғары оқу орны мен бірқатар кәсіпорындардың ұжымдары жүріп өтті.
Достық, бірлік тақырыбындағы ұрансөздер мен шарларды, жалаушаларды көтерген көпшілікті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов құттықтады.