ҚР Кәсіподақтар федерациясы сот органының Нұрбек Құшақбаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шешімін қуанышпен қарсы алды.
Ағымдағы жылғы 4 мамырда сот органы Амин Елеусиновты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шешім қабылдады.
2017-2018 жылдары ҚРКФ ҚР Жоғарғы Сотына, ҚР Бас прокуратурасына және ҚР Ішкі істер министрлігіне еліміздің заңнамасына сәйкес А.Елеусинов пен Н.Құшақбаевты түзету мекемесінен мерзімінен бұрын шартты түрде босату мәселесін шешу туралы бірнеше рет өтініш жолдаған болатын.
Осындай қадамдар қоғамда оң баға алады және жаңа құқық мәдениетінің қалыптасуына, еліміздің әр азаматына ізгі қатынастардың оң дәстүрін құруға жәрдемдеседі.