Жыл сайын Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өткізіледі. Биыл облыстық спартакиада Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған.
28 сәуірде мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті. Шараға облыс əкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, ҚР мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Нұртазин, облыстық дене шыңықтыру жəне спорт басқармасы басшысының орынбасары Ж.Нигметуллин қатысты.
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері жəне қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кəсіподағының төрайымы А.Есекенова спартакиада қатысушыларды құттықтап, оларға жарыста сəттілік тіледі.
Дəстүрлі облыстық спартакиаданың мақсаты – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласын іске асыруда мемлекеттік қызметшілердің жетекші рөлін жəне дəстүрлі шараға айналған сайыстың мəртебесін арттыру; мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі шұғылдануға бағыттау, жарысқа қатысушылардың спорттық шеберліктерін шыңдау, мемлекеттік қызметкерлері үлгісінде бұқаралық спортты насихаттау.
Биыл облыстық спартакиадасына 600 астам мемлекеттік қызметші қатысады. Бұл спартакиада жеңімпаздарын марапаттауға Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері жəне қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кəсіподағы қаражат бөліп отыр.
29 сәуір күні мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиаданың бірінші кезеңі қорытындыланды.
Шахмат түрінен жалпы командалық ІІІ жүлделі орынға Зеленов ауданы əкімдігі, ІІ орынға Теректі ауданы əкімдігі, І орынға БҚО əкімдігі ие болды.
Тоғызқұмалақ түрінен ІІІ жүлделі орынға Зеленов ауданы əкімдігі, ІІ орынға Бөрлі ауданы əкімдігі, І орынға БҚО əкімдігінің командасы ие болған.
Үстел теннисінен ІІІ жүлделі орынға Орал қаласы əкімдігі, ІІ орынға БҚО əкімдігі, І орынға Жəнібек ауданы əкімдігі ие болған.
Жүзуден ІІІ жүлделі орынға Орал қаласы əкімдігі, ІІ орынға Зеленов ауданы əкімдігі, І орынға БҚО əкімдігі ие болды.
Жеңіл атлетика түрінен жалпы командалық ІІІ жүлделі орынға Казталов ауданы əкімдігі, ІІ орынға Ақжайық ауданы əкімдігі, І орынға Тасқала ауданы əкімдігі ие болды.
Баскетболдан, əйелдер арасында ІІІ жүлделі орын Тасқала ауданы əкімдігі, ІІ орын Зеленов ауданы əкімдігі, І орын Сырым ауданы əкімдігі ие болғаны үшін марапатталды.
Баскетболдан, ерлер арасында ІІІ жүлделі орын Жаңақала ауданы əкімдігі, ІІ орын БҚО əкімдігі, І орын Орал қаласы əкімдігі ие болғаны үшін марапатталды.
13 мамыр күні Қазақстан облыстық спартакиаданың ІІ кезеңінің қорытындыланды: қол күресінен 1 орынды Бөрлі ауданының әкімдігі, 2 орын Сырым ауданының әкімдігі, 3 орынды Зеленов ауданы әкімдігінің командасы иеленді.
Гір спортынан 1 орын Бөкей ордасы ауданының әкімдігі, 2 орын Шыңғырлау ауданының әкімдігі, 3 орын Жәнібек ауданы әкімдігінің командасы иеленді.
Шағын футболдан:1 орынды БҚО әкімдігі, 2 орын Жәнібек ауданының әкімдігі, 3 орын БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің командасы иеленді.
Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиаданың салтанатты жабылуы 24 мауысымында өтеді.