15 мамырда Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы ұйымдастыруымен «Еңбек даулары. Келісу комиссиясы.Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығы директоры, Экономика ғылымдарының докторы Қажыкен Мейрам Зекешұлы жүргізді. Семинарға бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы келісу комиссиясы мүшелері, техникалық инспекторлар қатысты. Семинар барысында тақырып бойынша түсіндірме жасалып, іс-тәжірибелік сұрақтар талқыланды.