21 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде еңбекшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету сұрақтары бойынша Қызылорда облысы активінің отырысы өтті.
Отырысқа «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ президентінің кеңесшісі С. И. Ферхо қатысып, халықты әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мәселелері бойынша, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен жұмысты ұйымдастыру мәселелері туралы баяндама жасады.
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақов төрағалығымен Кеңесте міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен облыс халқының қамтылу мәселесі, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді анықтау, болжау, проблемалық мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар және жұмыспен қамту орталықтары мен жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындауда «композиттік» қызметтің көрсетілуі туралы тиісті тұлғалардың баяндамалары тыңдалып, мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.