Әлеуметтік сақтандыру жүйесі түсіндірілді

Еңбек қатынастары бойынша бүгінгі күннің өзекті мәселесі қатарында жұмысшыларды еңбек келсімшартынсыз немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім негізінде жұмысқа алу болып отыр. Басты себеп жұмыс берушінің міндетті төлемдер мен салықтан жалтаруы болып саналады. Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2018−2020 жылдарға арналған Бас Келісімнің орындалуы аясында ағымдағы жылы «Еңбек шартын жасаңыз» республикалық акциясы жарияланды. Осы бағыттағы жұмыстар шарасы халыққа, жұмыс беруші мен жұмыскерлерге еңбек қатынастарының заңдылықтары сақталуы туралы түсіндірмелер жасау.

22 мамырда Қызылордада халықты әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мәселелері бойынша, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен жұмысты ұйымдастыру мәселелері туралы облыс кәсіподақтары және жұмыс берушілердің қатысуымен жиын өтті.

Жиында әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланды, жұмыс берушілердің міндеттемелері мен жауапкершіліктеріне баса назар аударылды.