Елбасының әлеуметтік бастамаларын тиімді іске асыру жолында

Бүгін Нұр-Отан партиясы облыстық филиалының ғимаратында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» облыстық коалициясының отырысы өткізілді. Күн тәртібінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» орындалуы туралы мәселе қаралды. Тиісті мемлекеттік органдар мен Ұлттық банкінің облыстық филиалы, кәсіпкерлер палатасының жұмыстары тыңдалды. Елбасының әлеуметтік бастамаларын тиімді іске асыру мақсатында облыс жұртшылығына коалиция үндеуі қабылданды.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығы облыстық еңбек инспекциясымен бірлесіп облыстағы оқу орталықтарында өткізілетін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және қорытындысымен емтихан қабылдау мәселелері бойынша оқу орталықтарының қатысуымен мәжіліс өткізді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Е. Салықов еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлі, 2018-2020 жылдарға арналған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы, «Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясы және «Еңбекті қорғаудың алдын алу мәдениетін бірге көтерейік» акциялары жөнінде қатысушыларға кеңінен мағлұмат берді.