Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары Ж.Ақбергенов, әлеуметтік серіктестер, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларының қатысуымен Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жұмыс жоспарына сәйкес облыстық білім қызметкерлері кәсіподағы Кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті.
Күн тәртібінде Алға, Әйтеке би және Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымдарында еңбек заңдылықтарының орындалуына байланысты қоғамдық бақылау жүргізу жұмыстары туралы, кәсіподақ Жарғысының талаптары мен міндеттерін орындау бағытында Ақтөбе мұнай және газ колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының жүргізген жұмыстары туралы сұрақтар қаралды.
Кеңейтілген мәжіліс жұмысы «2018-2020 жылдарға жасалған әлеуметтік серіктестік туралы Келісім және оның білім қызметкерлерінің еңбек дауларындағы мағынасы» тақырыбында облыстық семинармен жалғасты.