2018 жылдың 23 сәуірінде Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 49 ғимаратында орналасқан дәмхана иесі жеке кәсіпкер У.Иманрасуловқа және ұжымға «Еңбек шартын жасаңыздар!» атты республикалық акциясының мақсаты мен міндеті, еңбек қатынастарының заңдылығын еңбек келісім-шартының қажеттілігі және оның үлгісін, міндетті зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және сақтандыру жайында түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілді.
«Еңбек шартын жасаңыздар!» атты республикалық акциясы аясында көрсетілген консултациялық көмек қорытындысы бойынша жеке кәсіпкер У.Иманрасулов 12 қызметкерлерімен еңбек келісім- шартын жасады.