Кәсіподақ белсенділері марапатталды

Сарыағаш аудандық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кезекті Пленумы болып өтті.

Пленум күн тәртібінде аудандық комитеттің төрағасының басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ешанкулов Ширинбек Калтайұлы сайланды. Пленумға арнайы келген облыстық мемлекеттік мекемелер кәсіподақ комитетінің төрайымы К.Есебаева алда келе жаткан 10 маусым – Кәсіподақтар күні мерекесімен құттықтап, бірқатар кәсіподақ белсенділерін облыстық комитеттің Құрмет грамотасымен, кәсіподақ қозғалысына белсенді қатысқаны үшін Сейдазым Ортаевты «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапаттады.