Кәсіподақтар күніне орай Атырау облыстық Кәсіподақтар үйінде мерекелік шара өтті

Бүгін 2018 жылдың 7 маусымы күні жыл сайын кең көлемде атап өтілетін, 10 – маусым Кәсіподақтар күні мерекесі қарсаңында Кәсіподақтар үйі мәжіліс залында мерекелік шара болып өтті. Шараны Кәсіподақтар орталығының төрағасы С.Елеманов сала қызметіне үлес қосып жүрген кәсіподақ белсенділерін құттықтап, кәсіподақ мүшелерін төсбелгі, Алғыс хаттармен марапаттады. Өз кезегінде, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы төрағасы Ш.Абилов, бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерін, /Маштахов Жансих Ғатихұлын – Атырау облысы, Исатай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы, Хамидоллаева Самал Хамидоллақызын – Атырау облыстық мәслихат аппаратының бас маман-есепшісі, бастауыш кәсіподақ ұйымы қазынашысы, Султанова Гульфара Сарсенгалиқызын – Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шаруашылық бикесі, бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшесі/ Алғыс хаттармен марапаттады.
Бұл күннің жыл сайын қарапайым адам үшін нағыз мереке ретінде қалыптасуына ат салысуға, еңбек әлеуетіне ерекше құрмет көрсетіп, тәлімгерлік дәстүрін жоғары дәрежеде бағалауға күш салатын боламыз.

«Кәсіподақтардың негізгі міндеті – еңбеккер мен жұмыс берушілер арасында туындайтын мәселелерді дер кезінде шешу, барлық тараптармен тығыз ынтымақтастықта болу. Бұл ретте жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік диалогтың жаңа түрлерін дамыту маңызды» -деп, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, кәсіподақтардың басты мұраты, негізгі мақсат-мүддесі бұл – еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтау, жалпы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы алтын көпір ретінде өз функциясын орындау болып табылады. Азаматтық қоғамның тірегі болғандықтан, мемлекеттік саясатты одан әрі дамыту барысында, Елбасымыздың ұстанған сарабдал саясатымен өз тарапымыздан алға қойған мақсаттарымызды жүзеге асыру үрдісін жалғастыруға міндеттіміз.

Кәсіподақ қызметінің жандануына , жаңғыруына адал қызмет етіп жүрген барша жанашыр әріптестерімізді, кәсіподақ мүшелерін төл мерекесімен құттықтай отырып, қызметтеріңізге толағай табыстар тілейміз, еңбектеріңіз жана берсін!