Ежелден иман бұлағынан сусындаған дана xалқымыз мүбәрәк Рамазанда Алланың ықласына бөленуді көздеп, сауабы мен ғибраты мол іс-шараларды жүзеге асырып отырғаны көне тариxтан белгілі. Атадан балаға мирас болып келе жатқан бұл үрдіс ұрпақтар жалғастығына айналып, бүгінгі күні жаңаша сипатта, үлгі-өнегелілік маңызы зор тұрғыда жүзеге асырылуда.
Осындай xалқымыздың игі дәстүріне сай Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы 8 маусым күні ауызашар берді.
Ағайын мен туысты, елді имандылыққа ұйытқан, мерекесі мен берекесі үйлескен басқосу ретінде, ауызашар рәсімі кәсіподақтардың да ынтымақтастық, бірлесу сияқты міндеттерімен етене үндесіп отыр. Қазіргі таңда кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен еліміздің бүкіл өңірлерінде кәсіподақ орталықтары осындай ауызашар өткізді.
Дәстүрге сай берілген ауызашарларда бір дастарxанда бас қосқан үлкен-кіші ынтымақ пен бірлік жайлы әңгіме өрбітіп, имандылық тұрғысында уағыз айтып, Тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасының берік болуына өз үлестерін қосу жайлы руxани сұбxат жүргізді.