Қызылордада кәсіподақ мүшелеріне арнап ауызашар берілді. Пошта қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық филиалы мұсылмандық парызбен ауыз бекіткен пошта қызметкерлеріне арналған дастарханнан дәм берді.Қасиетті Рамазан айында жиналған қауым ниет- тілектерге қабыл болсын айтып, Елге тыныштық пен бірлік тілесті.