Оңтүстік Қазақстан облысында “Фиркан” ЖШС-нің ұжымен кездесу өткізілді

Оңтүстік Қазақстан облысының бастауыш кəсіподақ ұйымдарымен кездесу кестесіне сəйкес “Фиркан” ЖШС-нің ұжымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ұжымның əлеуметтік жағдайымен танысып, қолданыстағы еңбек заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар, кəсіподақ қозғалысын дамыту жөніндегі мəселелер талқыланды. Кездесу барысында “Фиркан” ЖШС – нің бөлімше басшысы Н.Усенов Салалық жеке кəсіпкерлік қызметкерлерінің кəсіподағының “Құрмет грамотасы” жəне О.Ливакин кəсіподақтар арасында өткізілген спартакиадада үстел теннисінен 2 орын алған үшін “Фиркан” ЖШС -нің басшысы тарапынан қаржылай сыйлық пен кəсіподақ дипломымен марапатталды.