Өз ісінің майталмандары марапатталды

Қызылордада мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиында мемлекеттік қызметшілерді мерекемен облыс әкімінің орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлы құттықтап, саладағы елеулі үлестері үшін бірқатар қызметшілерді облыс әкімінің Алғысымен марапаттады. Сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбектері үшін бірқатар сала мамандары, мемлекеттік қызметшілер және қоғамдық ұйымдар өкілдері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Құрмет грамотасымен» және «Алғысымен» марапатталды. Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығының бас маманы Боранбаева Майра Қадырбекқызына Агенттіктің Алғысы тапсырылды. Майра Боранбаева –Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөнінде арнайы мониторингтік тобы мүшесі.