Оңтүстік Қазақстан облыстық Құрылыс кешені және Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің кәсіподағының құрылымдық бөлімі Ордабасы және Түлкібас аудандарында ашылды.
26.06.2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Құрылыс кешені және Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы А.Манахов Ордабасы аудандық “Нұр Отан” партиясының ғимаратында Құрылыс кешені және Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің кәсіподағының Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің жиналысы өткізіліп, оның төрағасы болып Шахар Нурлан Борисулы сайланды.
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетіне 8 құрылыс және коммуналдық мекемелері кіріп, 450 жұмыскер кәсіподақ қатарына қосылды. 27.06.2018 жылы Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің жиналысы өтіп, оған Акимбекова Ғазиза Алпысқызы төрайымы болып сайланды. Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетіне 4 мекеменің 190 жұмыскері кәсіподақ мүшелігіне кірді.