«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы мен «Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдау «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының бөлім басшысы Берік Құлжановтың бөлмесінде Астананың тікелей камералық байланысы арқылы «Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Әуесханов Серік Елемесұлы азаматтармен жеке қабылдау жүргізіп, олардың сұрақтарына жауаптар мен түсініктер берді.Бұл жұмыс жүйелі жалғасатын болады.