Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Жарғысының жұмыс жобасы талқыланды. Жарғы жобасы бойынша ұсыныстар даярлау жұмысын Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығында Қазақстан Республикасының «Кәсіптік Одақтар» Заңы мен еңбек заңнамаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін жасақталған жұмыс тобы жүргізетін болып ұйғарылған болатын. Жұмыс тобының құрамы салалық кәсіподақтар, жергілікті кәсіподақтар өкілдерінен құралған.
Жұмыс тобының кезекті отырысында Жарғы жобасы бойынша пікірлер ортаға салынып, тиісті ұсыныстар нақтыланды.