«Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясы аясында

Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігінің және «Жаңа – Ру» жастар коалициясы қауымдастығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру және  еңбек қақтығыстарының алдын алу» тақырыбында және  «Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясы аясында Тараз қаласы мен Сарысу, Талас аудандарында арнайы қоғамдық қабылдау өткізілді.
Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығының бас маманы Б. Қоңырбаев және «Нұр Отан» партиясы өкілдері тарапынан қоғамдық қабылдауға  келген адамдардың сыбайлас жемқорлықпен күресу, еңбек ақы төлеу, еңбек қақтығыстарының  алдын алу, т.б. еңбек қатынастары жайлы тұрақтарына толықтай  жауап берілді, сонымен қатар қабылдауға келген адамдарға «Еңбек шартын жасаңыз!» акциясы аясында жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы әзірленген буклеттер таратылды.