12-13 шілдеде Қызылорда облысында Арал өңірі балықшыларының IV-слеті өтті

Слет аясында Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы төрағасы Серік Сермағамбетов Арал өңірі балықшыларымен және «Қамыстыбас» балық өңдеу зауыты, «Қуаныш» шаруа қожалығы жұмыскерлерімен кездесті. Кездесулер барысында еңбек ұжымдарының әлеуметтік, еңбек жағдайлары ортаға салынып, шаруашылықтардағы кәсіподақ ұйымдарының жұмыстары бойынша пікір алмасылды.
Слеттің ресми шарасында балықшыларды мерекемен облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев құттықтап, Арал арнасының толуы ата кәсіпті жалғаушылардың теңіз маңына қайта келуімен тығыз байланысты екендігін атап өтті. Айтулы мерекеде саладағы елеулі еңбектері үшін бірқатар мамандар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, балық шаруашылығы шаруаларын мерекемен құттықтаған «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы Әбубәкір Сүлейменов  кәсіп иелеріне салалық кәсіподақ марапаттарын табыстады.