Үстіміздегі жылдың 19 шілдесінде Жамбыл облыстық кәсіподтақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен және шілде айына бекітілген кездесулер жоспарына сәйкес, өңірдегі құрылыс кешені және тұрғын-үй шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіподағына қарасты «Тараз-су» КМК, «Завод металлоконструкции и резервуаров» ЖШС–нің бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өтті. Кездесу барысында, кәсіподақ мүшелеріне, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары мен төрайымдарына және жұмысшыларға еңбек құқықтарының сақталуы бойынша және кәсіподақ ұйымдарының жұмысы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, еркін әңгіме барысында ұжым қызметкерлерінің еңбек заңнамасының сақталуы, шипажайларға жолдама беру, тағы басқа да бірқатар сұрақтарға толығымен жауаптар берілді.
—