Бүгін «Щучинский» кәсіподақ шипажайында ҚРКФ Төрағасы Бақытжан Әбдірайымның төрағалығымен ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің отырысы өтті.
Отырыста ұйымдастырушылық және кадр мәселелері қарастырылды: Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Атырау және Павлодар облыстарының аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің жаңа басшылары сайланды. Атқару комитеті ҚР Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV-Съезінің өтетін күні мен орнын анықтады.
ҚРКФ белгіленген тәртіпте мүшелік жарнаны төлемеген және жарғылық талаптарды бұзған мүше ұйымдардың жауапкершілігі, жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің салалық кәсіподағының жұмысы және Федерация органдарының шешімдерін орындау бойынша Жарғылық талаптарды ұстану барысы мәселелері талқыланды.
Арқалық қаласындағы ҚРКФ РКБ әкімшілік ғимаратын «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» РМК балансына беру туралы және ҚРКФ қатысты демалыс үйлері, шипажайлары мен қонақ үйлеріне жолдамаларды өткізу тәртібі туралы мәселелер жеке қарастырылды.
Өткен Атқару комитетінің отырысы кәсіподақ қозғалысының кадр саясаты, активтерді басқару және ҚРКФ әрі қарай дамыту мәселелерінде бірлігін көрсетті.