Ағымдағы жылдың наурызында Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының кезектен тыс съездімен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясынан шығу туралы шешім қабылданды. Аталған факт бойынша денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкерлердің, оның ішінде ел өңірлерінің реакциясы бір қатарлы болмады.
Оның үстіне аймақтардағы медициналық ұйымдардың көптеген қызметкерлері шығу фактісі туралы тек қазір біліп отыр. Олардың пікірлерімен Қазақстандық салалық кәсіподақ көшбасшылары санаспаған.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкерлердің Жұмыс берушілермен, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен, сонымен қатар Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының көшбасшысы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясымен өзара іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында, 2018 жылғы 12 сәуірде ҚР азаматтарының бастамашыл тобымен, Қазақстан Республикасының 14 өңіріндегі медициналық қызметкерлерімен «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігін (бұдан әрі-«SENIM») құру туралы шешім қабылданды және 24 сәуір күні әділет органдарында тіркелді.
«SENIM» кәсіподағының Құрылтай съезінде Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы құрамына мүшелік ұйым ретінде кіру туралы бірауызды шешім қабылданды, 2018 жылғы 22 маусымда «SENIM» кәсіподағы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы құрамына қабылданды.
Қазіргі уақытта «SENIM» кәсіподағы бүкіл Республика бойынша 16 филиалын ашты. Бүгінгі күні Түркістан облысы, Қызылорда облысы және Атырау облыстарының медициналық ұйымдарының қызметкерлері 100 % «SENIM» кәсіподағының мүшелері болып табылады. Ақтөбе, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының құрамынан шығып «SENIM» кәсіподағына өту барысы аяқталайын деп қалды. Өңірлерге сапарлар, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұжымдарымен кездесулер, үгіт-насихат жүргізу және түсіндіру жұмыстары ұйымдардың қызметкерлерінің кәсіподақтар қозғалысының рөлі туралы, сондай-ақ Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының жұмысы туралы хабардар болуының төмен деңгейін көрсетті.
Жаңадан құрылған «SENIM» кәсіподақтық бірлестігінің стратегиясы болып еңбек қатынастарын реттеу кезінде жауапкершілікті арттыру, жалдамалы еңбек етушілердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау, әлеуметтік әріптестікті дамыту, ұйымдастыру – қаржылық жұмыстарды жетілдіру, кәсіподақ кадрларын даярлау жауапкершілігін арттыру, олардың резервін дайындау, мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысу болып табылады.
Сонымен қатар, Кәсіподақ мүшелерімен төленетін мүшелік жарналардың кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, ұжымдық келіссөздер жүргізгенде және ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасқан кезде білікті мамандар – кеңесшілерге төлем жүргізуге, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсетуге, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға, сондай-ақ басқа жарғылық қызметті жүзеге асыруға арналғанын ескере отырып, мүшелік жарналардың 65 % мөлшерінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарына қайтару «SENIM» кәсіподағының Жарғысымен көзделген. Бұл фактор бастауыш ұйымдарының кәсіподақ көшбасшыларының рөлін арттыруға ықпал етеді: жанжалдарды шешу үшін кәсіби мамандарды тарта отырып еңбек дауларын шешуге, еңбек және әлеуметтік дауларда туындайтын ымыралы шешімдерді іздеуге.
Бұдан басқа, «SENIM» кәсіподағының Жарғысымен Кадр құрамының сайланбалы лауазымын жаңарту үшін (Кәсіподақ Төрағасы) Орталық Кәсіподақта да және бастауыш ұйымдарында да өкілеттік мерзімі шектеулі – 5 жыл көзделген, келесі мерзімге қайта сайлану құқығынсыз. Ал Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағында 30 жылдан бері бір төраға тұрақты қызмет етуде.
«SENIM» кәсіподағының мүшелік жарналарды пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тек қолма-қол ақшасыз төлемдер қарастырылған, бақылау-тексеру комиссияларының рөлі күшейтілді.
Ұжым атынан «SENIM» кәсіподағы қатысатын Жұмыс берушімен ұйымның жұмысшылары арасында жасалатын Ұжымдық шарттарға ерекше мән беріледі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерімен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау мәселелері бойынша заңнамалық актілерінде денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкерлер үшін жеңілдіктер мен кепілдіктер көзделген, алайда, көбінесе Жұмыс беруші көзделген нормаларды елемейтінін атап өту қажет. Бұл жағдайда «SENIM» кәсіподағы Жұмыс берушілермен Ұжымдық шарт жасасу арқылы көзделген барлық жеңілдіктер мен кепілдіктерді, сондай-ақ жауапкершілікті өз міндетіне алады.
«SENIM» кәсіподағына заңнамалық деңгейде шешімін табуын талап ететін негізгі және басым мәселелер болып ар-намыс және қадір-қасиетін, ал кейде қызметтік міндеттерін штаттан тыс және төтенше жағдайларда орындау кезіндегі денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкерлердің өмірлерін қорғау табылады.
Кәсіподақтар денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкерлердің мүдделерін еңбек дауларында қорғауға ғана бейімделмеген, кәсіподақ қозғалысының конструктивті реформасы қажет, оның ішінде жалақы және еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру және жаңа формаларын енгізу арқылы денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкердің мәртебесін арттыру.
«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі