«Тұлпар» жазғы сауықтыру лагері

Ағымдағы жылдың 27 шілдесі күні «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Баймұқанов Ізтұрған Ұзақбайұлы қала маңындағы «Бесікті» ауылындағы балалардың облыстық «Тұлпар» жазғы сауықтыру лагерінде болды. Жайық бойынан қоныс тепкен бұл лагерьде төртінші аусымда 200 бала демалу үстінде. Олардың дені көп балалы отбасынан шыққан бүлдіршіндер. Тынығушылар үшін барлық жағдайлар жасақтала тұрсада лагерьдің бұданда жоғары мүмкіншіктері туралы ой-пікірлер мен ұсыныстар айтылып, оны жүзеге асырудың шаралары белгіленді. Атап айтқанда, лагердің жұмысын жыл бойы жасатуды жүзеге асырып, ол үшін болашақта күрделі жөндеуге қаржы көзін қарастыруды міндетіне алды.