Бүгін Алматы облысы сотының ғимаратында орналасқан “Татуласу орталығында” ашық есік күні өтті. Облыстық кәсіподақтар атынан жұмысшыларға және қарапайым халыққа медиатор ақысыз қызмет көрсетті. Соңғы 2 айдың ішінде кәсіби медиатордың көмегіне 100-ге тарта адам көмегіне жүгініп, кеңес алған. Бүгінгі ашық есік күнінде де еңбектегі адамдар келіп, ұжымдық келісімшарт, орта бизнесті несиелендіру, жылдағы еңбек демалысы сияқты сұрақтар бойынша кеңестер алды.
Сонымен қатар кәсіби медиатор Қ. Әмірееваны Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ә. Қыдырманов туған күнімен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.