Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі – Спорт күні.
Спорт біріншіден еліміздің елдігін әлемге паш етіп, спортшы жеңісі арқылы мемлекетіміздің мерейін үстем ететін саланың бірегейі болса, екіншіден адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септігін тигізетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт. Бүгінде елімізде адам үшін осыншама маңызға ие спортты дамытуға барлық жағдайдың жасалып жатқаны белгілі. Әсіресе, соңғы жылдары мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отырған дене тәрбиесі мен спорт сияқты салаларды дамытуға қолда бар жағдайдың бәрі жасалып жатқанын атап өтпесе болмайды. Бұған дәлел ретінде еліміздің әр түкпірінде ашылып жатқан спорт мектептері, көптеп салынып жатқан спорт нысандарын, күнделікті өмірде халықтың саламатты өмір салтына ден қойып отырғанын айтуға болады.
Біз солардың ішіндегі Тәуелсіз еліміздің көк байрағын көкте желбіретіп, мерейін асқақтатып, абыройын тасытып, шартарапқа танылтып жүрген, шағалалы Шардараның талантты, әрі намысқой кәсіби спортшыларымен мақтанамыз.
Шағылдың құмы дем берген саңлақ спортшыларымызды Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің директоры Е.Т. Аманқұлов, балалар мен жасөспіпірімдер спорт мектебінің директоры А.Р. Сакиев сынды азаматтар тәрбиелеп, туған жердің мерейін дүниежүзіне танытып келеді.
Өз сөзінде, Ермек Тілеуқұлұлы: 9 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 19 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері, 65 спортшы Қазақстан Республикасы спорт шеберлігіне үміткер, Б.Тұрманов дүниежүзілік жастар чемпионатының алтын медаль, С.Нұрқалықов күміс медаль жүлдегері, З.Кузнецова қыздар арасындағы жастар чемпионатының алтын медаль жүлдегері екенін мақтанышпен айтып, туған жерге, елге деген перзенттік борышымызды өтеу – баршамыздың міндетіміз, азаматтық парызымыз. Сондықтан да, отансүйгіштік қасиеттер тұла бойынан табылатын барлық азаматтарды спорты өркендетуге шақырамыз»,- деді.
Мереке қарсаңында барша спорт саласындағы кәсіподақ мүшелерін мерекемен құттықтай отырып, Тәуелсіз еліміздің өркендеуіне қосып келе жатқан үлесі үшін Е.Т.Аманқұлов пен А.Р.Сакиев Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелері, банк және қоғамдық қызмет көрсету кәсіподақ ұйымының «Еңбек озаты» төс белгісімен марапатталды.