Алматы кәсіподақтарының интеллектуалды жастары

15 тамыз күні «Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақ бірлестігінің қабырғасында «Келешек» жастар қанатымен бірге Алматы қаласының кәсіподақ белсенді жастарына арналған «TOPBrain» интеллектуалдық ойыны өтті.

Бұл іс-шара 2018 – 2019 жылдарға арналған жол картасын іске асыру шеңберінде қоғамдық бірлестіктің имиджін жақсарту, Алматы қаласының кәсіподақтарын жаңғыртудың мақсатында ұйымдастырылды, атап айтқанда:

– жұмыс жастары арасында ашық, мақсатты ойлауды дамыту, инновацияларға деген бейімділік, интеллектуалдық іс-шараларды өткізу арқылы жаңа білім мен технологияға ұмтылу, пікірталас алаңдарында көрсету;

-«Келешек» жастар қанатының бірлескен іс-шараларын өткізу.

Жүйелі жастар саясаты – жастар кеңесінің құрылуы, ұжымдық іс-шараларға белсенді араласуы, қаламыздағы жастар арасында кәсіподақ сауаттылықты арттыру екенін «Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығының» төрайымы Зәуреш Әбілғожақызы атап өтті.

«Келешек» жастар қанатының төрағасы Қали Сабыржан ойынның жалпы мақсаты кәсіподақ жастарын ұжымдық мәдениеттілікке, жанжақтылыққа, өздігінен білім алуға, белсенділікке тәрбилеу екендігін жеткізді.

Жарысқа Алматы қаласының «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы Электр Станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ), «PetroKazakhstan» АҚ, «Азиялық Газқұбыры» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жас көшбасшылары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар: 1-ші орын «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ командасына, 2-ші орын тәуелсіз «Үздік бестік» құрама командасына, 3-ші орын – «Алматы Электр Станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) командаларына бұйырды.

Жүлдегерлер Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығының арнайы дипломдарымен марапатталды.